Все материалы

Дүйсенбі 01 Маусымның 2020

"31 мамыр қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу" күні

29-05-2020_129 мамыр 2020 жылы Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен "31 МАМЫР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ" күніне орай "Жазықсыз құрбан болған қайран жұртым" атты онлайн дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев, ОҚМПУ-нің оқу ісі жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Исабек Баршагүл Қашқынқызы, Сейдахан Әлібек тарих ғ.д., (саяси қуғын-сүргін құрбаны Үсенов Сейілбектің ұрпағы), Абубакиров Сағынғали ОҚМПУ-нің профессоры, (саяси қуғын-сүргін құрбаны Сандыбаев Әбубәкірдің ұрпағы), Түркістан облысының қоғамдық - саяси архивінің басшысы Шардарбекова Гүлнар, сондай-ақ, Шымкент қаласының "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің меңгерушісі Оралбаева Зәуре қатысты.



Орта 20 Мамырдың 2020

Құрметті достар!

"31 МАМЫР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ" күніне орай Шымкент қалалық саяси-қуғын сүргін құрбандары музейінің ұйымдастыруымен #Ұрпақтар еске алады атты онлайн жобасы жүзеге асырылуда.



Жұма 01 Маусымның 2018

Тарихтан тағылым - өткенге тағзым

Бұл видеоролик 30 мамыр күні ОҚМПУ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ мәжіліс залдарында өткен "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" атты облыстық ғылыми семинарға қатысушылардың назарына арнайы жасалды.



Бейсенбі 15 Наурыз 2018

«Даламдай дархан пір – тұлғам» атты баяндамасы.

15-03-2018Халқымыздың болашағы үшін бар ғұмырын күресте өткізген «Дала данасы», Абайдан кейінгі екінші көрнекті тұлға, ұлы гуманист, аудармашы, кемеңгер ойшыл, тарихшы, қазақ әдебиетінің классигі, композитор, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлына биыл 160 жыл.

Құдайбердіұлы Шәкәрім 1858 жылдың 11 шілдесінде бұрынғы Семей уезіне қарасты Шыңғыс болыстығында Кеңбұлақ (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл) ауылында дүниеге келген. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде ол Абай бағытын ұстанды.



Дүйсенбі 29 Қаңтардың 2018

«Жемқорлыққа жол жоқ» атты семинар сабақ

26 қаңтар күні Облыстық саяси қуғын сүргін құрбандары музейінде қазіргі таңда өзекті мәселелердің қатарына кіретін сыбайлас жемқорлық мәселесін болдырмау және алдын алу мақсатында семинар сабақ болып өтті. Семинарға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің маманы Ғабит Жүндибаев қатысты. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес  мәселесіне көптен бері көп көңіл бөлініп келе жатқанын баса айтты. Бұл көбіне мемлекеттік қызметкерлердің уәкілдіктерін орындау кезінде қызмет жағдайларын жеке баю мақсатында өз мүддесіне пайдаланулары арқылы анық көрінетіндігіне тоқталып өтті.

ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары мен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара соңында музей қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау туралы өз ойларын ортаға салды. Жемқорлықсыз Қазақстанның бай – қуатты өмірін бірге жасау үшін әрбір мекеме қызметкерлері жауапты екендігі айтылды.

20180126_120180126_1



Орта 06 Желтоқсанның 2017

...

Антитеррор жадынама


Сейсенбі 14 Қарашаның 2017

«Нәзірдің жарық жұлдызы» деректі фильмі түсірілді

14-11-2017Биыл қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың 125 жылдығына орай ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі «Нәзірдің жарық жұлдыз» атты (40 минуттық) деректі фильм түсірді.  Назарларыңызға фильмнен 10 минуттық үзіндісін ұсынып отырмыз. Толықтай нұсқасын аталған музейден және Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов атындағы музейден көре аласыздар.



Жұма 20 Қазанның 2017

ТАҒДЫРЛЫ ТҰЛҒА

nazirНәзір – энциклопедиялық білім иесі академик Р.Бердібай. 

Өткен ғасырдың басында қазақ сахарасынан шыққан сауатты да саңлақ тұлғалардың өмірі мен қызметі бүгінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге ғана емес, тұтастай бір тәрбие мектебі. Халқымыздың әлемдік өркениетке есік ашуына жол нұсқаған осындай біртуар азаматтардың шоғырында айтулы мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұловтың орны ерекше.

Тәуелсіздік туын көтерген  еліміз өз басынан не өткергенін білмейтін мәңгүртке ұқсамауы үшін өзінің өткен жолының бұралаңдарын, халықтың басына душар болған азап пен қорлықтың түп-тамырын білулері парыз. Бұл бағытта бізге халық үшін қабырғасы қайысып еңбек еткен, сондай әрекеттері Мәскеу билеушілеріне ұнамай, өмірлері ерте қиылып кеткен Алаш азаматтарының өнегесі таудай тірек бола алады. Солардың бірі ғана емес, бірегейлерінің қатарында болған мемлекет қайраткері, көпқырлы дарындылығымен артына құнды мұра қалдырған Нәзір Төреқұлұлы.

Нәзір Төреқұлұлының қазақ тарихында орны үлкен, еңбегі зор. Ол тәуелсіздік жолындағы күреске аянбай қатысқан жалынды – патриот, қарашаның қамын жеген – демократ,  шындық үшін күрескен – гуманист.

Ол – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін тарих сахнасына әкелген жаңа буын ұлт қайраткерлерінің бірі һәм бірегейі. Оның рухани жан әлемі халықтық салт-дәстүрден, ақындық өнерінен барынша мол нәр тартқанына тәнті етеді. Орталық Үкімет пен қалың бұхара арасын байланыстыратын баспасөз құралы болу керегін ол ерте бастан жақсы білген.



Дүйсенбі 03 Сәуірдің 2017

«Латын әліпбиіне үлес қосқан ұстаз»

Asirbek

Биыл ОҚО бойынша саяси қуғын сүргін құрбаны Әшірбек Үсеновке 110 жыл толып отыр. Осы орайда латын әліпбінің негізін қалаған азамат туралы анықтама.

Кешегі Алаш арыстары мен ұлт жанашырлары бір ғана мақсатты мұрат тұтты. Ол – ұлт қамы, оның болашағы еді. Осы жолда шейіт болды.

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін»,

демеп пе еді Ахмет Байтұрсынұлы атамыз. Халықтың болашағын ойлаған тұлғаларымыздың бойындағы өр-мінез, мұқалмас жігер, елге адал қызмет ету секілді асыл қасиеттер қайдан пайда болды дерсіз? Неге ұлт үшін түрмеге қамалып, атылды? Халық үшін жанын құрбан етуге дейін итермелеген ол қандай күш еді? Кеңестің өктем саясатын сылтауратып, бас амандығын көздесе болар еді ғой. Жоқ. Олар бұл жолды таңдамады.

Сталиндік репрессияның құрығы бүкіл Қазақстан аумағын түгел қамтығаны тарихи деректерден белгілі. Оңтүстік өңірінде туып елім, жұртым деп өткен ел асылдары аз емес. Солардың бірі, әрі бірегейі педогог, ағартушы, аудармашы  сонау 1927-1930 жылдарда латын әліпбиінің негізігін қалаған азамат Үсенов Әшірбек.

AShir_111  

Asir-2

Ashir-3

 

Үсенов Әшірбек  1907 жылы Шымкент қаласының іргесіндегі Қатын-көпірде дүниеге келген. Ол 1925 жылы Сырдария Қазақ педогогикалық техникалық техникумға түсіп, 1929 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

Алматы қаласындағы  Қазақ педогогикалық институтының  «Тіл-Әдебиет» бөліміне 1929 жылы түсіп, бұл оқу орнын 1932 жылы бітіреді.

Өмірінің соңында Алматы қаласында тұрған. Сонда №12 мектепте мұғалімдік қызмет атқарған.

Отбасына келсек, Әшірбектің әйелінің аты Усенова Хабиба үй бикесі, балалары: Рабиға,Рахима, Азим,Сырым.

Жоғарғы соттың үкімімен Үсенов Әшірбек 1938 жылы қамауға алынып, 10 жылға абақтыға жабылып, барлық дүниесі тәркіленеді. 1939 жылы қуғын-сүргіннен көз жұмады.

Бір таң қаларлығы алғашқы латын әліпбиін құрастырғанда Үсенов Әшірбектің жасы бар болғаны 30 -дан асқан кезі еді. Қылышынан қан тамған солақай саясат құрбандарының бірі, халқымыздың біртуар ұлдары,   Небәрі 30 жасында «халық жауы» деп қуғындалуының бір себебі сонда жатса керек. Үсенов Әшірбек  туралы айтар болсақ, Қазақстандағы алғашқы әліппені жазған адамдардың  бірі.

Мысалы, Ахмет Байтұрсынов әліппені төте жазумен жазған болса, бұл кісі латын жазуында алғашқы әліппе шығарған. Одан басқа да бірнеше оқулықтар, әдебиеттен хрестоматия жазған. Үсенов Әшірбектің еңбектеріне  тоқталсақ:

1.Әліппе (латын) «Үлкендер мектебіне арналған» Â Қарағандар - Ә. Үсенов.

Алматы қаласы. 1937 жылы жарық көрген.

2.Внуков.В   «Соғыс техникасы бізге қорқынышты ма?»Â  аударған Үсенұлы. А.

Қызылорда қаласы, Қазақстан баспасы 1931жылы.

3. Юшков. С  «Жорықта» Ауд Ә. Үсенов 1930 жылы.

 

Мақаланы  дайындаған

Музейдің ғылыми қызметкері Үсен Арыстанов .

 

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
«БіріншіАлдындағы12345678910КелесіСоңғы»

Календарь публикаций

<қыркүйек 2020>
ДсСсБсЖмСбЖб
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    

Сайт бойынша iздестiру

Интерактивті сұрақ

Сiз қалай бiз ұйымның жұмысының нәтижелерi бағалайсыңыз?
 

Авторизациялау