Все материалы

Пятница 05 Февраля 2016

Жылдық есеп

Кеше, 04.02.2015 жылы ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директоры Ханбибі Есенқарақызы облыстық мәдениет басқармасының қатысуымен ұжым алдында 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

SAM_4861_500x245



Понедельник 01 Февраля 2016

Ғасыр таңында туған "Шолпан"

2008 жылы менің бастамаммен өткен ғасырдың басында шығып тұрған "Шолпан" журналының түпнұсқасы көрші Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласындағы мемлекеттік мұрағаттарынан әкелініп, жеке кітап етіп бастырып шығару мақсатында мұражайдың ғылыми қызметкерлері сол жылдары қолданыста болған төте араб жазуынан бүгінгі кириллицаға көшірді. Бұл жауапты іске арабша жақсы білімі бар мамандар да қатыстырылды.

Журналдың алғашқы саны ғана жеке юасылған, кейінгі сандары 2-3, 4-5, 6-7-8 болып бірге шыққан. Бұдан ары журнал шықпай қалады. Бұның себебі Қазақстан ұлттық энциклопедиясының 4-томында былай көрсетілген: "... жеке мақалаларында буржуазияшыл-ұлтшылдық қате тұжырымдарға жол берілген деп есептеліп, осыған байланысты журнал 8 саны шықаннан кейін 1923 жылдың мамыр айында жабылды".

Туысқан екі халық қазақ пен қырғыздың мұң-мұқтажына қамқор бола білген журналдың мұқабасында "Саясат - шаруашылық, білім-әдебиет туралы айында бір шығатын қырғыз-қазақ журналы" деп жазылған. Мұнда "қырғыз-қазақ журналы" деген үш сөз үлкен әріппен жуан етіп көзге бірден түсетіндей етіп басылған. Журнал шығарушылардың бұлай жазуы өздерінің мақсат-бағдарын бірден айқындап алғанын меңзейді.

Журналдың барлық сандарында қазақ-қырғыз халық әдебиетіне назар бөлініп отыр. Ғасыр басында қалыптасып келе жатқан қаламгерлердің - Мұхтар Әуезовтың "Қыр әңгімесі", Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян" шығармалары да насихатталып отырды. "Шолпан" журналы тоқтамай шығарыла бергенде қазақ-қырғыз халықтарына берері мол еді.

"Шолпан" журналы сол кездегі шежіре әрі тарих жәдігері екені даусыз. Журнал беттерін парақтап шығу - кешегі ХХ-ғасыр басында ғұмыр кешкен зиялы қауыммен қауышу бүгінгі бізге де, құрметті зиялы қауым сізге де жалпы көпшілікке пайдалы болмақ. Кітап сіздің кәдеңізге жарап жатса, біздің үмітіміздің ақталғаны деп білеміз.

Тағы да тарихқа көз жүгіртіп, ой аулап көрейік, ағайын.

Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси

қуғын-сүргін құрбандары музейінің директоры, ақын.

"Парасат" орденінің иегері.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері.

"Шолпан" журналын ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінен сатып ала аласыздар.

Бағасы 2000 тг.



Понедельник 11 Января 2016

Журнал

Журнал «Бүгінгі таңдағы түйінді міңдеттер». Автор Ф.И.Голощекин. Алматы-Мәскеу. 1932 жылы шыққан. Орталық партия комитетінің баспасы «Партиздат» Қазақстандық бөлім. Латын  әліпбиімен жазылған. Музейдің   ғылыми қызметкеріÂ  Н.Төлееваның Алматы қаласындағы «ҚР Ұлттық  кітапханасынан»Â  іс-сапар барысында алып келген. Есептік нөмірі (ОҚО С.Қ.С.Қ.М. Кп №1197/10).

Asdfghqwerty


Журнал

«Мектептің түп кемшіліктерін кетіру үшін күрес» атты журналы 1933 жылы шыққан. Өзбекстан ағарту ішілерінің Орталық Комитетінің кең Пленумында ағарту ішілерінің жалпы одақтық 8-ші сьезі туралы жазылған баяндама (латын  әліпбиімен жазылған). Музейдің   ғылыми қызметкеріÂ  Н.Төлееваның Алматы қаласындағы «ҚР Ұлттық»Â  кітапханасынан  іс сапар барысында алып келген. Есептік нөмірі (ОҚО С.Қ.С.Қ.М. Кп №1107/1).

Jurnal



Пятница 08 Января 2016

Журнал

Бұл «Сана» журналының біздің мұражайда 2-3 нөмері сақтаулы. Бұл нөмірлері 5 бөлімнен құралған:

I. Тәрбие – тәлім бөлімі.

II. Білім бөлімі.

III. Әдебиет бөлімі.

IV. Сын бөлімі.

V. Халық әдебиеті.

I. Тәрбие – тәлім бөлімінде 1-басқыш ауыл мектебінің жиынды (комплекс) программасы жазылған. Балалардың оқуының жүйелі болуы үшін орналастырылған программалар көрсетіледі.

  1. Күз, қыс мезгіліндегі жобалар:
  2. 1)    Мектепке кіргенше балалардың жазды қалай өткізуі.
  3. 2)    Балалардың мектеппен, мектеп істерімен танысуы.
  4. 3)    Балалардың саулығын сақтау жайынан.
  5. 4)    Октябрь төңкерісі.
  6. 5)    Қысқа әзірлену.
  7. 6)    Балалардың маңайында кездесетін қыстың көрністері.
    1. Қыс, жаз мезгіліндегі жобалар:
    2. 1)    Оқудан бос уақыттарда істелген істердің есебін көрсету.
    3. 2)    Жақындағы істелетін мектеп ісінің жобасын жасау.
    4. 3)    9 январь, 25 феврал мейрамдары.
    5. 4)    Маңайындағы тіршілік ісіне мектептің қатынасуы.
    6. 5)    Қыстан жазға бет алу.
    7. 6)    Жазғы жұмыстардың басталуы.
      1. Жаз, шілде мезгіліндегі жобалар:
      2. 1)    Оқудан бос уақыттағы істелетін істердің жобасы.
      3. 2)    Жазғы істелетін істерге жоба жасау.
      4. 3)    Жазғы жұмыстар.
      5. 4)    1 май.
      6. 5)    Шілде мезгілінде істелетін істерге жоба жасау.

II. Білім бөлімінде:

  1. 1)    Едіге батыр туралы,
  2. 2)    Жануарлар мен адамзат жаратылысы туралы,
  3. 3)    Харіп туралы,
  4. 4)    Пән сөздері туралы,
  5. 5)    Фамилия туралы егжей-тегжейлі жазылған.

III. Әдебиет бөлімінде:

«Мерген мен бөкен», «ерлік жүректе», «Зұлус» дастаны, «Абайдың өлеңдері» басылған.

  1. Сын бөлімінде:

1) «Ақан сері» туралы, ол кісінің өлеңдерінің кереметтілігі, мінезінің көркемдігі жайында жазылған.

2) «Қорғансыздар» (Әуезұлының «бәйбіше-тоқалына» тексеру), яғни, Әуезовтың шығармаларындағы ерекшеліктер жайында жалпы қауымды терең түсінуге шақырған сын мақалалар.

  1. Халық әдебиеті бөлімінде түрлі өлеңдер, шешендік сөздер, айтыстар жазылған.

«Сана» журналы осы 5 бөлімге бөлініп жазылған дүниелер арқылы оқушы балалардың, қазақ жастарының санасын серпілтуге, білімді болуға баулу негізінде шығарылып отырған.

cats7

Журнал

«Әліппе» журналы 1937 жылы шыққан «Әліппе» үлкендер мектебіне арналған  авторлары: Ә.Усенов, Т.Берденов, Р.Момынов (латын  әліпбиімен жазылған). Музейдің   ғылыми қызметкеріÂ  Н.Төлееваның Алматы қаласындағы «ҚР Ұлттық»Â  кітапханасынан  іс сапар барысында алып келген. Есептік нөмірі (ОҚО С.Қ.С.Қ.М. Кп №1116/4).

cats3

Журнал

«Жаршы» журналы 1929 жыл (латын әліпбиі мен жазылған)     Қызыл-орда.

Музейдің   ғылыми қызметкеріÂ  Н.Төлееваның Алматы қаласындағы «Ғылыми орталық» кітапханасынан  іc сапар барысында алып келген. Есептік нөміріÂ  (ОҚО С.Қ.С.Қ.М. Кп №1197/4). 1(бір)  дана.

cats2

Әкеден қалған асыл мұра

Мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір  Төреқұлұлыныңәкесі Төреқұлдан қалған құман биіктігі -33 см, сыйымдылығы 3,3 л.құлағы бар шүмекті ыдыс болып келеді құмандарды түрлі металдардан мыс, жез, темір, қола, күміс, қаштан жасалған түрлері пайдаланылған қол жууға арналған құмандар алып жүргенде суы шайқалып төгілмес үшін мойны, шүмегі ұзаншалау келіп, тұрқы биік етіп жасалған. Тұтқасы болмағандықтан мойын жағы жіңішке ұстауға ыңғайлы етіп жасалған. Қақпағы жоқ жиегі айналдыра тістер тәрізді өрнектермен көмкерілген. Деректерге сүйенсек құман Нәзірдің әкесі Төреқұлға тиесілі болған . Екі ғасырға жуық тарихы бар құнды жәдігер  болып есептеледі . (Мыс, тат басқан ескі) Әнел Төреқұлованың мұражайға табыстаған құнды заттарының бірі құман. Сонау ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының орта тұсына дейін   Нәзір КСРО-ның астанасы Мәскеуде түрлі деңгейде дәрежелі қызметтер атқарғаны тарихтан  мәлім. Сол Мәскеуде жүргенде Нәзір пайдаланған құнды заттар бұл күндері музей төрінен орыналған. Нәзірдіңқызы Әнел әкесінің қызмет бабында пайдаланған құнды заттарын Түркістан төрінде Нәзірге арнап ашылған музейге табыстаған. Әнелдің көзінің қарашығындай сақтаған жәдігерлер. Тәуелсіздік тұғырын орнатамыз деп қуғын-сүргіннің азабын тартқан алашарысы Нәзір Төреқұловтың соңында қалған жәлігерлерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттай отырып, дипломат есімін әр дайым есімізде сақтап, оның істеген жарқын ісін әрбір музейге келген көрермен осы жәдігерлер  арқылы жадынан  шығармау   абзал.

cats1


Нәзір Төреқұловтың сия сауыты
Мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұлұлының  жұмыс кабинетіндегі тұтылған сия сауыты (пластмасса, мромор ұсталған). Сия сауыттың төменгі бөлігі мрамордан құйылған. Ал, сия сауыттың құтысы пластмассадан жасалған. Жазу  үшін  арнайы  құстыңcats қауырсыны пайдаланылған.

Н.Төреқұлұлының жұмыс орындығы
Мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұлұлының  жұмыс орындығы. Орындықтың  отыратын бөлігі былғарыдан жасалған. Орындық  қою қызыл-қоңыр түспен сырланған. Орындықтың өзіне тән өте сәнді бейнеленген өрнектері оны ерекше етіп көрсетеді. Орындықтың биіктігі-105, ені-50, ағаш ені-60 см құрайды.Әнел Төреқұлованың музейге табыстаған құнды заттарының бірі әкесінің жұмыс орындығы.11

Страница 5 из 20
«ПерваяПредыдущая12345678910СледующаяПоследняя»

Календарь публикаций

<Сентябрь 2020>
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    

Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация