Все материалы

Пятница 08 Января 2016

Н.Төреқұлұлының жұмыс үстелі
Мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұлұлының    жұмыс үстелі арнайы қолдан қызыл ағаштан ойып жасалған. Үстелдің жеті суырмасы бар. Әр тартпасы темірмен бедерленіп жасалған.  Жұмыс үстелінің аяқтары,   өзіне тән өте сәнді бейнеленген өрнектері оны ерекше етіп көрсетеді. Жұмыс үстелінің бойы – 100,ұзындығы – 55, ені – 60 см.  Әнел Төреқұлованың музейге  табыстаған құнды заттарының бірі әкесінің жұмыс үстелі.12

Нәзір Төреқұловтың қызы Әнелден қалған сурет

Біз бұл мақаламызда Нәзір Төреқұловтың қызы Әнелден қалған суретті (картина) тілге тиек етпекпіз. Н.Төреқұлов музейіндегі экспонаттар қатарында Нәзірдің жұмыс кабинетінен орын алған «Улица Разина» атты картинасы келген көрермендердің назарынан тыс қалмайды. Суреттің авторы Н.Н. Благоволин. Бұл сурет 1920 жылы СССР Суретшілер Қорының Мәскеу қалалық мекемесінің қолдауымен графикалық шеберхана комбинатында басылып шығарылған. Картинада Разин көшесі бойындағы алып ғимараттар мен шіркеулер бейнеленген. Сонымен қатар көшеде әрлі – берлі жүрген жеңіл көліктер мен көрме (выставка) алдында жиналған халықты көруге болады.

Сурет салуда суретші ашық сұр, қою, қанық сұр, қара түстерді шебер қолдана білген. Ғасырға жуық тарихы бар бұл жәдігердің ұзындығы – 42 см, ал ені – 34,5 см. Қатты картон қағазға жапсырылып жасалған. Артында ілуге арналған арнайы ілгегі бар. Музейде КП 42 номері бойынша негізгі қорға тіркелген.

Алдағы уақытта Нәзірдің өзге де заттары табылып, қолымызға тиіп жатса, музейге экспонаттар қатарына қосып, ел игілігіне айналар деген зор үміттеміз._copy



Пятница 18 Декабря 2015

Тәуелсіздік Күні

15 желтоқсан күні облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғырлы тәуелсіздік  - еңселі ел тарихы» атты іс-шара өтті.

SAM_4682_500x281

Жолдауды қолдау

8 желтоқсан күні облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы жолдауын қолдау мақсатында «Жолдауды қолдау» атты лекция өтті. Лекцияны М.Әуезов атындағы ОҚМУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі С.Мажинбетов жүргізді.

SAM_4573_500x281

Іс-шара
8 желтоқсан күні облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде Жұманбек Қыстаубаевқа 115 жыл, Ақылбек Нұрбековке 115 жыл және Сейілбек Үсеновке 110 жыл толуына орай  «Ауыр жүк арқалаған азаматтар!» атты іс-шара өтті.SAM_4395_500x281


Среда 11 Ноября 2015

Іс-шара
22 қазан күні Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында Сабыр Айтхожиннің 120 жылдығы және Аппаз Қаламбаевтың 115 жылдығына орай іс-шара өтті.


Вторник 29 Сентября 2015

Л.И.Мирзоян. Қазақстан К(б)П өлкелік комитетінің КК(б) П бірінші съездіндегі есебі
SAM_4181


Понедельник 18 Мая 2015

Халықаралық мұражай күні
Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері! ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры Ханбибі Есенқарақызы мен мұражай ұжымы Сіздерді Халықаралық мұражай күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге жемісті еңбек тілейміз!


Четверг 14 Мая 2015

"Қазақ тілін қаз тұрғызған Нығмет", "Елім деген ер Смағұл"
2015 жылдың 29 сәуірінде ОҚО саяси қуғын-сүргін мұражайында мұражай директоры Ханбибі Есенқарақызының бастамасымен "Қазақ тілін қаз тұрғызған Нығмет", "Елім деген ер Смағұл" атты іс-шара өтті. Іс-шараға мына қонақтар шақырылды: Сағынғали Абубакиров –Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының доценті. Әлібек  Сейдаханұлы – ОҚМУ шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі кафедра меңгерушісі. Бекмұрат Найманбаев-т.ғ.к профессор. Қалыбек Төретай  ОҚО    мұрағат директоры. Мәдениет басқармасының бастығы – Айдарбекова Күлия Смайлқызы.


Алаштың асыл ұлы - Міржақып
2015 жылдың 19 наурызында ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында "Алаштың асыл ұлы - Міржақып" атты Міржақып Дулатұлының туғанына 130 жыл толуына байланысты арналған іс-шара өтті. Іс-шараға мұражай директоры Ханбибі Есенқарақызы бастамашы болды. Іс-шараға арнайы мына қонақтар шақырылды: Нүрпейісов Нариман, Асма Ахметқызы, Карибаев Сәрсебай, Мамыт Орынбасарұлы. Іс-шара ойдағыдай өтіп, алаштың асыл ұлы Міржақыптың өнегесі насихатталды.

Страница 6 из 20
«ПерваяПредыдущая12345678910СледующаяПоследняя»

Календарь публикаций

<Сентябрь 2020>
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    

Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация