Все материалы

Среда 04 Марта 2015

Ұлт әскері -Кеңес қорғаны болсын!

Биыл алаш қайраткері Мыржақып Дулатұлының туғанына 130 жыл толуына орай 1924 жылы Ташкент қаласында шығып тұрған «Ақ жол» газетінің №386 жарық көрген мақаласын оқырмандарға ұсынамыз

Ұлт әскері -Кеңес қорғаны болсын!

Россиялық Одақтас мемлекеттердің әскерлік кеңесі Түркістан республикасында ұлт әскерін құру туралы қарар шығарып, Түркістан фронтының әскерлік төңкеріс кеңесі жанында ұлт әскерлік бөлімі ашылсын деп бұйрық жіберді.

Әскер бастықтарын даярлау үшін алдымен командирлер курсы ашылмақшы.



Пятница 27 Февраля 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығы
2015 жылдың 24 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында "Қазақ хандығы - Қазақстан бастауы" атты іс-шара өтті. іс-шараға бастамашы болған Ханбибі Есенқарақызы. іс-шараға арнайы мына қонақтар шақырылды: Кенесары ханның ұрпақтары Раушан Кенесарина, Мадина Кенесарина, сонымен қатар, Нариман Нұрпейісов, Дулат Тұрантегі, Момбек Әбдіәкімұлы сынды ғалымдар келді.


Четверг 08 Января 2015

Н. Төреқұлов

ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қорында Мемлекет және

қоғам қайраткері, дипломат, журналист, аудармашы, публицист Н. Төреқұловтың өз қолымен салған суреттері жинағының түп нұсқасы сақталған. Бұл суреттерді ақ қағазға қара майлы карандашпен салған. Өлшемдері 21 х 29 см. Н. Төреқұловтың өте шебер орындалған, бұл құнды еңбектері Н.Төреқұловтың және бір қырын айқындай түсті.

 


Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағы
masa_01

ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қорында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсновтың «Маса» атты өлеңдер жинағының төте араб жазуымен жазылған нұсқасы сақталған.

Бұл 1922 жылы Татарстанның Қазан қаласында 3 рет жарық көрген нұсқасы. Жинақ 87 беттен тұрады.

Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен алғаш Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.


Жұмабек Қыстаубаевтың қолжазба өлеңдер

ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қорында ұстазы Жұмабек Қыстаубаевтың қол жазба өлеңдер жинағы жазылған нұсқасы сақталған.

Жұмабек Қыстаубаев 1904 жылы Түлкібас ауданы, Сарыбұлақ елді мекенде дүниеге келді.

1921 жылы Жұмабек Қыстаубаев Манкенттегі өз бастығы, полковник Колосовскиийдің үйін мектепке айналдырып, сонымен қатар Манкенттте Абай атымен аталатын бастауыш мектеп салдыра бастайды.



Пятница 26 Декабря 2014

Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының 2014 жылғы өткізілген іс-шаралар
Скачать

Оңтүстік Қазақстан қуғын сүргін мұражайындағы құнды жәдігерлер сериясы

Кітап туралы мағлұмат

Бұл кітапшаны басып шығарған – (Қыр баласы) Әлихан Бөкейханов.
Кеңес одағындағы елдердің кіндік баспасы. Мәскеу 1927 жыл.

Баймахан


«Таң» журналы
Tan_jhurnaly

1925 жылдың науырыз айынан маусым айлары арасында қазақ баспасөздерінен Семейде «таң» атты губерниялық РКП комитетінің гуписполком мен губерниялық кәсіпшілдер кеңесінің журналы шыға бастады.

Бұл «таң» журналы М. Әуезовтың атсалысуымен айына бір рет шығып тұрған. Жалпы төрт ай бойы шыққан. Қазіргі кезде біздің мұражайда сол төрт саны толығымен сақтаулы тұр.

«Таң» журналы алты бөліменен тұрған:

  1. 1) Жалпы саяси бөлім.
  2. 2) Шаруашылық бөлім.
  3. 3) Білім – тәрбие бөлімі.
  4. 4) Әдебиет бөлімі.
  5. 5) Отан тану туралы.
  6. 6) Ресми бөлім.

Бірінші, жалпы саяси бөлімінде сол уақыттағы саяси жағдайлардан хабардар ететін мақалалар жарияланған.

Екінші, шаруашылық бөлімінде ауыл шаруашылығы мен егін шаруашылығынының сол тұстағы жағдайынан мағлұмат беретін мақалалар жинақталған.

Үшінші, білім – тәрбие бөлімінде әсіресе, сол кезеңде ашылған жаңа мектептер мен ұстаздар жайында, қазақ халқының көз аясын кеңітіп, сауаттыландыруға, сонымен қатар, ел арасындағы таралып жатқан аурулардан қалай сақтану турасында жол нұсқаған мақалалар басылған.

Төртінші, әдебиет бөлімінде қазақ жырлары мен Абайдың өлең және қара сөздері жарияланып отырған. Оған қосымша ертек, аңыз әңгімелер де бар.



Пятница 19 Декабря 2014

Тұрар Рысқұлов

(Тұрар Рысқұловтың туғанына 120-жыл)

Turar_Ryskulov

Жалпы, Т. Рысқұловтың Қазақстанда атқарған жұмыстары деген сұраққа толық жауап беру тек бір ғана тарихшының қолынан келмес еді. Өйткені, Т. Рысқұловтың бүкіл саналы ғұмыры мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі қазақ халқының болашағы жолына бағытталды. Оның тағдыры – қазақ халқының тарихымен еншілес. Сондықтан, Т.Рысқұловтың сан-салалы қызметі мен қажырлы қайтпас күресі, ұлтқа сіңген еңбегі көптеген тарихшылардың зерттеу еңбегіне жүк болып келеді. Біз тек қана, басқа тарихшылардың назарына іліне қоймаған кейбір мәселелерге тоқтала кетейік. Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1-2-кітабы), «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған. Тұрардың тағдыры - ұлт тағдырымен астасып жатқан өзгеше трагедияға толы ғұмыр. Сондықтан да, ұлы суреткер Мұхтар Әуезов Тұрардың өз аузынан есіткен әңгімесін әдебиеттің шоқтығы биік шығармасына («Қараш-қараш оқиғасы») айналдырды.

Т. Рысқұловтың 200-ден аса еңбектері бар. Оның көбі әлі қолға түспеген, зерттелмеген. Жуырда «Киргизстан» (Қазақстан туралы) атты кітабына жазған қолжазбасы АҚШ-тан табылды. Алайда, мұхиттың арғы бетіндегі қолжазбаны қайтаруға үлкен қаржы сұрауы мүмкін.

Тұрар Рысқұлов 1894 жылы Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында (қазіргі Алматы облысы) дүниге келген. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болады. Жастайынан Тұрар жалшылықта жүріп, байлардың малын бақты. 1907 жылы Қырғызбаев деген жалған тек алып Меркідегі бұратаналарға арналған орысша-қазақша бастауыш мектепке түседі. 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауылшаруашылық мектебінде оқиды. 1916 жылы Ташкенттегі мұғалімдер институтына қабылданады. Бірақ оны аяқтай алмайды. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете қалып, Т.Рысқұлов соған белсене атсалысады. Әулиеатадағы көтерілістің ұйымдастырушысы ретінде тұтқынға түседі. Одан құтылып шыққаннан кейін де өзінің идеялық мақсатынан айнымайды.


Алаштың жаралы жанын емдеген

(Асылбек Сейітов 120 жаста)

Asylbek_Seitov

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақ халқының тарихындағы ең қасыретті кезең болды. Тоталитарлық жүйенің қайғы-қасіреті Кеңес құрамында болған қазақ елін де айналып өтпеді. Яғни, Сталиндік террор, Голощекиндік геноцид Алаш ардақтыларына қарсы бағытталған қуғын-сүргін саясатының басталған кезеңі болды. Алдымен бай, кулактарды кәмпескелеу, күштеп ұжымдастыру, қолдан жасалған ашаршылықтан миллиондаған адам көз жұмса, ал саяси қудалаудан мыңдаған азамат «Халық жауы» деп атылып кете барды. 1937-38 жылдардағы репрессия елдің маңдай алды тұлғаларын, басшыларын, зиялы қауым өкілдерін жапырып өтті.

Осындай Алаш қайраткерлерінің бірі – Сейітов Асылбек Жұманұлы еді. Ол Омбы қаласының Батыс Сібір генерал-губернаторы канцеляриясында тілмаштық қызмет атқарған Жұман Сейітовтың отбасында 1894 жылдың 22 қаңтарында дүниеге келді. Сол кездегі қазақ балаларының қолы жете бермейтін үш сатылы білім алды. Алғашқы сауатын шіркеу жанындағы мектептен (приходская школа) бастап, Омбының классикалық ерлер гимназиясын бітіреді. Кейін 1911 жылы Ресейдің Томбы медициналық универститетіне түседі.

Сейітовтың қайраткерлігі студенттік жылдарынан-ақ байқала бастайды. 1914 жылы «Қазақ» газетінде Ресей оқу орындарында білім алып жатқан жастарға көмек көрсету мақсатында қоғамдық қор құру мәселесіне қатысып «Оқушыларға жәрдем жәмиғаты» мақаласын жариялайды. А. Сейітов қазақ жастарының арасында оқу-білім игеруге талпынушылардың көбейіп келе жатқандығын айта отырып, мұның елдің болашағы үшін маңызы зор екенін және қоғамдық қордың шәкірт жастарға тигізер пайдасын арттыру жолында маңыздылығын атап өтті. 1916 жылы Ә. Бөкейхановпен кездесіп, Алаш партиясының мүшелігіне өтті. Сол жылы университетті бітіріп, бүкіл Ресейлік санақтың Далалық өлкеде жүргізген науқанына қатысады. Аталмыш науқанда ақын, қоғам қайраткері С. Сейфуллинмен бірге Ақмола уезінде жұмыс жасайды.


Страница 7 из 20
«ПерваяПредыдущая12345678910СледующаяПоследняя»

Календарь публикаций

<Сентябрь 2020>
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    

Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация