Все материалы

Пятница 19 Декабря 2014

19 желтоқсан 2014

№ 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясында Т. Рысқұловтың 120 жылдығына байланысты «Түркі тектес түгел бол» атты қалалық семинар өтті. ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының экскурция жүргізшісі: Д. Бейсова «Тұғыры биік, тұлға» атты баяндама жасады. Семинарға қалалық білім бөлімінің ғылыми әдістемелік орталықтың директоры Ақжарқын Тұрсынова, ОҚО жазушылар одағының мүшесі Серік Жанәбіл, «Ұстаз Нұры» газетінің редокторы, қалалық ата-аналар комитетінің төрағасы Әнуар Бейсе, № 24 С. Ерубаев атындағы орта мектеп директоры Есім Ұлжалғас Әшімқызы

т.б. қонақтар қатысты. БАҚ өкілдері қатысып, Отырар телеарналарынан көрсетілді.

 



Пятница 12 Декабря 2014

12 желтоқсан 2014

Түркістан қаласындағы Н. Төреқұлов мұражайында «Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» атты іс-шар ұйымдастырылды.


12 желтоқсан 2014

Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында – қазақ өлкелік комитеті хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығына орай «Ақсүмбенің Ақсұңқары» атты іс-шара өтті. Іс-шараға М. Әуезов атындағы ОҚМУ шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультет, деканының орынбасары Елемесов Жанғали, М. Әуезов атындағы ОҚМУ шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі факультетінің тарих пәнінің мұғалімі Өтен Ғалымжан Түзелбайұлы, ОҚМПИ қазақ және әлем әдебиеті кафедра меңгерушісі фиолология ғылымдарының кандидаты, доцент. Нұрпейісов Нариман және жаңа технология колледжінің студенттері қатысты.



Четверг 11 Декабря 2014

11 желтоқсан 2014

М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның мәжіліс залында Алаш қайраткерлерін еске алу мақсатында «Ақ жол» кітабының 10 томының тұсаукесері өтті. Іс-шараға: ОҚГИ-дың ректоры Гүлшара Сапарбаева, «Ақ жол» Демократиялық партиясы ОҚОФ-ның төрағасы А.Орман, жазушы Қабылбек Төретаев, жазушы-журналист Захардин Қыстаубаев, ақын Ақат Кендебай және студенттер қатысты.


11 желтоқсан 2014

№ 80 жалпы орта мектебінде тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – Тәуелсіз Қазақсанның бастауы» атты іс-шара өтті. Іс-шараға мектеп оқушыларымен мұғалімдері және Желтоқсан оқиғасының куәгерлері: М. Шекербеков, Х. Байымбетова, С. Исабековтар қатысты. Іс-шараны А. Баймаханова

ұйымдастырып, Д. Бейсова «Мұзда жанған алау» атты баяндама жасады және «Желтоқсан» атты деректі фильм көрсетілді.

 



Вторник 09 Декабря 2014

9 желтоқсан 2014

ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында С. Рахымов атындағы әсери мектеп интернат оқушыларымен кездесу өтті. Бейімбет Малиннің өмір баяны және еңбектерімен танысты. Кездесу соңында оқушылар

мұражай экспозициясын тамашалап, «Алаш автономиясы» атты деректі фильм көрді.

 



Четверг 04 Декабря 2014

4 желтоқсан 2014

№ 30 О. Жандосов атындағы орта мектепте өткен-Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың 115 жылдығына арналған «Қайран, Ораз аға» атты іс-шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысып, Ғ. Қасымхан «Ойы – озық, өресі – биік Ораз» атты баяндама жасады.



Понедельник 01 Декабря 2014

1 желтоқсан 2014

Түркістан қаласындағы Н. Төреқұлов мұражайында Тұңғыш Президент күніне орай «Тұңғыш Президент және Түркістан» атты көрме дайындалды.



Пятница 28 Ноября 2014

28 қараша 2014

Қазақстан республикасының тұңғыш президент күніне арналған «Ел бағына туған ер» атты көрме ұйымдастырылды. Келген қонақтар мен № 1 Дарынды балалар мектебінің оқушылары көрмені тамашалады.



Пятница 14 Ноября 2014

14 қараша 2014

№ 64 Ж. Аймауытов атындағы мектеп гимназиясында Ж. Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Қайталанбас ұлы тұлға» атты қалалық семинар өтті. ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының экскурсия жүргізшісі: Д. Бейсова «Алаштың асыл ұлы – Жүсіпбек!» атты көрмемен таныстырып, Ж. Аймауытовтың еңбегі мен өмірбаянына жалпы шолу жасады. Семинарға қалалық білім бөлімінің ғылыми әдістемелік орталықтың директоры Ақжарқын Тұрсынова, «Ұстаз Нұры» газетінің редокторы, қалалық ата-аналар комитетінің төрағасы Әнуар Бейсе, қалалық мектеп мұғалімдері қатысты. БАҚ өкілдері қатысып, Айғақ, Отырар телеарналарынан көрсетілді.


Страница 8 из 20
«ПерваяПредыдущая12345678910СледующаяПоследняя»

Календарь публикаций

<Сентябрь 2020>
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    

Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация