Все материалы

Четверг 13 Ноября 2014

13 қараша 2014

Түркістан қаласындағы Н. Төреқұлов мұражайында Мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандары С. Қожанов және Т. Рысқұловтың 120 жылдығына орай жергілікті арнаулы орта оқу орындарында баяндама өткізілді.



Воскресенье 09 Ноября 2014

9 қараша 2014
№ 24 С. Ерубаев атындағы мектепте өткен–тілші, түрколог, лингвист-ғалым, тұңғыш профессор Құдайберген Жұбановтың 115 жылдығына арналған іс-шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.


Пятница 24 Октября 2014

24 қазан 2014

№ 58 жалпы орта мектеп 1931-33 жылдардағы қазақ жеріндегі аштық зобалаңға арналған көрме ұйымдастырылды.



Понедельник 20 Октября 2014

20 қазан 2014

Түркістан қаласындағы Н. Төреқұлов мұражайында Мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист, аудармашы, публицист Н. Төреқұловтың 121 жылдығына арналған «Мұхиттың түбінде жатқан Гауһар» атты іс-шара ұйымдастырылды.



Пятница 17 Октября 2014

17 қазан 2014

№ 41 А.С. Макеренко атындағы орта мектебінде Мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист С. Қожановтың 120 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.



Пятница 10 Октября 2014

10 қазан 2014

№ 9 Ө. Жолдасбеков атындағы мектепте өткен – Қазақ халқының бір туар азаматтары Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфулиндердің туылғанына 120 жыл толуына арналған «Үш бәйтерек –Â үш діңгек» атты іс-шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.



Четверг 09 Октября 2014

9 қазан 2014

№ 62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінде «Н. Төреқұлов – ұлттық дамуды қалыптастырудағы жарқын тұлға» тақырыбындағы ғылыми-Практикалық конференция өтті. ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының экскурсия жүргізшісі: Д. Бейсова Н. Төреқұлов жөнінде түсірілген «Тау тұлға» атты бейне фильмді көрермен назарына ұсынды. Конференцияға: ОҚМПИ мұғалімі, кафедра меңгерушісі Б. Айтаев, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері, дизайнер, профессор А. Найманбай, ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы деректорының орынбасары А. Ілеубаева т.б. қатысты.



Четверг 18 Сентября 2014

Әйел теңдігі

Ескі үкімет біздің қазақ-қырғызды жүгенсіз мініп, арқасын жауыр, құйрығын шолақ қылса да, үкімет жаласынан аулақ – өзіміздің сүйекке сіңген ескілікті әдет-ғұрыбымыздан болған үлкен кемшіліктеріміз толып жатыр. Солардың бірі, әйелді кемдікте ұстау.

Қазақ-қырғыздың әйелге көзқарасы белгілі. Бірақ жалпы жұрт, үмітім теріс екен ау деп, бұл күнге шейін мойындап отырған жоқ. Әйел теңдігін іске асырамыз деген соң, бұл туралы халықтың теріс назарын өзіне баяндап өту қажет деп білеміз.

Қазақ әйелді мал есебінде көруінде шек жоқ. Мәселен қызды қазақ бала демейді. Біреудің үш қызы, бір ұлы болса, пәленшенің баласы нешеу деп сұраған кісіге, «біреу» деп жауап береді. Үш қызды айтпайды. Біреудің он қызы болып, бір ұлы болмаса «пәленшенің баласы жоқ, қу бас дейді». Он қыз – бала емес.



Пятница 12 Сентября 2014

Елден

Шошқа салығы

Екі-үш күн болды. Шымкент үйезінің кіндік комитетінің мүшесі «№»-ден келген телеграммаға  қарасақ мынадай сөз жазылған: Шымкент үйезінің азық-түлік комитетінің бастығы жолдас Кривошапов айт салығын бөлгенде, Шымкент қазақ болыстарына 300 пұттан артық шошқаның етін салған. Тым болмаса өздерінде шошқа болмаса, орыстардан алсаңдар да тауып беріңдер демейді. Тек соңғы бұйрығында ғана «шошқаларың болмаса (!), оның орнына қой етімен берсеңдер де болады» деген.

Мұнан екі-үш жеті ілгері ишан базары деген жерден Шымкенттің кедей жігіті «М» өзінің туысқанына қосып қойған жалғыз қойын керегіне жаратайын деп алып келе жатса, жолда азық-түлік комитетінің отрядынан біреу кез келіп әлгі кедейдің жалғыз қойын ұстап «сен саудагерсің, спекулянтсың» мұны қазынаға алу керек деп «М» сорлыны сорлатып қойын комитетке тапсырған. «М» бір қойдың атынан екі жеті санды алып жүріп комиссардан өзінің «спекулянт» еместігіне куәлік тапсырып арыз беріп әрең дегенде уездный исполкомнан азық-түлік комитетіне қағаз алады. Мынаның қойын тез қайрат дегізіп. Азық-түлік комитетінің бастығы жоғарғы Қривошапов жолдас «мұндай жұмысты қарайтын Любинцов жолдас соған бар» деп Любинцовқа сілтейді.

Любинцов жолдасты Шымкент үйезінде білмейтін адам жоқ. Ақ-мешіт үйезі халқын қан жылатқан Гиржовты қандай білсе Шымкент үйезі Любинцовты да сондай біледі.



Среда 10 Сентября 2014

Алаш темір жолының атасы

(Мұхамеджан Тынышпаевқа 135 жыл)

Muhamedjan_TynyshpaevТарихтың қатпар-қатпар қойнауына үңіле қарасақ, елінің ертеңі, ұлтының болашағы, ұрпағының қамы үшін қасық қана қалғанша, аянбай күрескен асыл рухты батыр бабаларымыз еріксіз еске түседі.

Арыға бармай-ақ, осыдан бұрынғы бір ғасырдың арғы жақ, бергі жағындағы оқиғалар тізбегі, әсіресе, адам шошырлық ашаршылық пен саяси құғын-сүргінге ұшырап, қаза тапқан Алаш ардақтыларының көшірмелері мен тас түрмедегі жан төзгісіз жәйттерді ойласаң сай сүйегің сырқырайды.

Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Олардың басы Ресейдің байырғы отарлау саясатын ұстанған коммунистермен «бір қазанға» сыйған жоқ.

«Халық жауы» деген қара күйе жағылып, қуғын-сүргін көрген ардақты алаш ұрпақтарының барлығының басына төнген қара бұлт, кешкен тағдыры, өз алдына үлкен еңбектің жүгі. Ұлт тәуелсіздігінің басында тұрған үлкен тағдырлы ұлы тұлғаның бірегейі Мұхамеджан Тынышпаев еді.

Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышпаев 1979 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Алматы облысы Қабанбай ауданында) туылған. Мұхамеджан Тынышпаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық тендік пен өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір Мұхамеджан 1906 жылы император І Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтын бітірген.


Страница 9 из 20
«ПерваяПредыдущая12345678910СледующаяПоследняя»

Календарь публикаций

<Сентябрь 2020>
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    

Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация