«Таң» журналы

Tan_jhurnaly

1925 жылдың науырыз айынан маусым айлары арасында қазақ баспасөздерінен Семейде «таң» атты губерниялық РКП комитетінің гуписполком мен губерниялық кәсіпшілдер кеңесінің журналы шыға бастады.

Бұл «таң» журналы М. Әуезовтың атсалысуымен айына бір рет шығып тұрған. Жалпы төрт ай бойы шыққан. Қазіргі кезде біздің мұражайда сол төрт саны толығымен сақтаулы тұр.

«Таң» журналы алты бөліменен тұрған:

  1. 1) Жалпы саяси бөлім.
  2. 2) Шаруашылық бөлім.
  3. 3) Білім – тәрбие бөлімі.
  4. 4) Әдебиет бөлімі.
  5. 5) Отан тану туралы.
  6. 6) Ресми бөлім.

Бірінші, жалпы саяси бөлімінде сол уақыттағы саяси жағдайлардан хабардар ететін мақалалар жарияланған.

Екінші, шаруашылық бөлімінде ауыл шаруашылығы мен егін шаруашылығынының сол тұстағы жағдайынан мағлұмат беретін мақалалар жинақталған.

Үшінші, білім – тәрбие бөлімінде әсіресе, сол кезеңде ашылған жаңа мектептер мен ұстаздар жайында, қазақ халқының көз аясын кеңітіп, сауаттыландыруға, сонымен қатар, ел арасындағы таралып жатқан аурулардан қалай сақтану турасында жол нұсқаған мақалалар басылған.

Төртінші, әдебиет бөлімінде қазақ жырлары мен Абайдың өлең және қара сөздері жарияланып отырған. Оған қосымша ертек, аңыз әңгімелер де бар.

Бесінші, отан тану бөлімінде әр аймақтарда, облыстарда болып жатқан көтерілістер тағыда басқа іс-қимылдар жайында халықты отан сүйгіштікке тәрбиелейтін мақалалар басылып отырған.

Алтыншы, ресми бөлімінде сол тұстағы нақты болып жатқан жағдайлар, өткен мәжілістер және сол қоғамның өзек жарды мәселелері: қалыңмал, әйел теңдігі, құн, барымта секілді тақырыптарда сөйленген.


Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация