Оңтүстік Қазақстан қуғын сүргін мұражайындағы құнды жәдігерлер сериясы

Кітап туралы мағлұмат

Бұл кітапшаны басып шығарған – (Қыр баласы) Әлихан Бөкейханов.
Кеңес одағындағы елдердің кіндік баспасы. Мәскеу 1927 жыл.

Баймахан

1

Baimahan

Түпсіз аспаннан түңілген қара көк әуе сұлу, онан да, асықтай жымыңдаған аспанда жұлдыз сұлу, онанда кілемдей құбылып, қиырға жайылған, Сары арқада дала сұлу-бәрәнен де Қәбіштің үйіне шырақ жаққан Күлсім сұлу, деп ойлап Баймахан:

Аспанда жұлдыз жанады,
Бәрібір сондада түн;
Күлсім үйде құбылады,
Ордада түндеде күн.-деп өлеңдетеді.

Баймахан түнде күзетте жүріп, жолдасы Оразға сыр қылып:

- Менің шөптей көп ойым мына даладағы қаудандай бір беткей. Бір жаққа аумалы, бір жаққа шалатын палуандай, қисық...

Қәбіште не жоқ, не керек бәрі бар... кәрі ит майдағы бауырсақтай рахатта, менің көп ойым түккеде тұрмайды, -дейді.

Ораз:

- Баймахан, сен ақымақсың. Менімен сендей кедейде қанша, қандай ой болады? Сен ақымақ, Қәбіш ақылды... Қәбіште 200 жылқы, жеті жорға, ақ орда, сандық толған алтын, Күлсімдей сұлу қыз. Кедейде жалғыз-ақ ой бар ... деп, жауап берді.

Қойдай ойсыз, жолдасынан мұндай жауап есіткені шаншудай Баймаханның ішіне батады. Рас Баймахан кедей, сондада соқыр, саңырау Ораз көрмегенді, есітпегенді Баймахан көрмей, есітпей тұралама?

Күнде жылқыны айдап ауылға келгенде, оққа ұшқан құстай, Баймахан жүрегі тыпырлайды, алыстан жұмыртқадай екі боз орда көрінгенде, жарасының аузын алғандай, Баймахан селт етеді. Кемпір Назипа кәрі байына жағынып дамыл таппай ас пісіреді де жатады. Қоңыр салқын түн бойы үлкен ордадан шыққан түтін басылмайды. Күнде, түнде түтінмен бірге Күлсім әні тастан аққан бұлақтай, сылдырап ағып тұрады. От басында тезек қалаған Баймаханның жас жүрегі жарылатын жараның аузындай, бүлкілдейді де соғады.

(Жалғасы бар)

Дайындаған кіші ғылыми қызметкер: Арыстанов үсен


Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация