«Латын әліпбиіне үлес қосқан ұстаз»

Asirbek

Биыл ОҚО бойынша саяси қуғын сүргін құрбаны Әшірбек Үсеновке 110 жыл толып отыр. Осы орайда латын әліпбінің негізін қалаған азамат туралы анықтама.

Кешегі Алаш арыстары мен ұлт жанашырлары бір ғана мақсатты мұрат тұтты. Ол – ұлт қамы, оның болашағы еді. Осы жолда шейіт болды.

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындай мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін»,

демеп пе еді Ахмет Байтұрсынұлы атамыз. Халықтың болашағын ойлаған тұлғаларымыздың бойындағы өр-мінез, мұқалмас жігер, елге адал қызмет ету секілді асыл қасиеттер қайдан пайда болды дерсіз? Неге ұлт үшін түрмеге қамалып, атылды? Халық үшін жанын құрбан етуге дейін итермелеген ол қандай күш еді? Кеңестің өктем саясатын сылтауратып, бас амандығын көздесе болар еді ғой. Жоқ. Олар бұл жолды таңдамады.

Сталиндік репрессияның құрығы бүкіл Қазақстан аумағын түгел қамтығаны тарихи деректерден белгілі. Оңтүстік өңірінде туып елім, жұртым деп өткен ел асылдары аз емес. Солардың бірі, әрі бірегейі педогог, ағартушы, аудармашы  сонау 1927-1930 жылдарда латын әліпбиінің негізігін қалаған азамат Үсенов Әшірбек.

AShir_111  

Asir-2

Ashir-3

 

Үсенов Әшірбек  1907 жылы Шымкент қаласының іргесіндегі Қатын-көпірде дүниеге келген. Ол 1925 жылы Сырдария Қазақ педогогикалық техникалық техникумға түсіп, 1929 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

Алматы қаласындағы  Қазақ педогогикалық институтының  «Тіл-Әдебиет» бөліміне 1929 жылы түсіп, бұл оқу орнын 1932 жылы бітіреді.

Өмірінің соңында Алматы қаласында тұрған. Сонда №12 мектепте мұғалімдік қызмет атқарған.

Отбасына келсек, Әшірбектің әйелінің аты Усенова Хабиба үй бикесі, балалары: Рабиға,Рахима, Азим,Сырым.

Жоғарғы соттың үкімімен Үсенов Әшірбек 1938 жылы қамауға алынып, 10 жылға абақтыға жабылып, барлық дүниесі тәркіленеді. 1939 жылы қуғын-сүргіннен көз жұмады.

Бір таң қаларлығы алғашқы латын әліпбиін құрастырғанда Үсенов Әшірбектің жасы бар болғаны 30 -дан асқан кезі еді. Қылышынан қан тамған солақай саясат құрбандарының бірі, халқымыздың біртуар ұлдары,   Небәрі 30 жасында «халық жауы» деп қуғындалуының бір себебі сонда жатса керек. Үсенов Әшірбек  туралы айтар болсақ, Қазақстандағы алғашқы әліппені жазған адамдардың  бірі.

Мысалы, Ахмет Байтұрсынов әліппені төте жазумен жазған болса, бұл кісі латын жазуында алғашқы әліппе шығарған. Одан басқа да бірнеше оқулықтар, әдебиеттен хрестоматия жазған. Үсенов Әшірбектің еңбектеріне  тоқталсақ:

1.Әліппе (латын) «Үлкендер мектебіне арналған» Â Қарағандар - Ә. Үсенов.

Алматы қаласы. 1937 жылы жарық көрген.

2.Внуков.В   «Соғыс техникасы бізге қорқынышты ма?»Â  аударған Үсенұлы. А.

Қызылорда қаласы, Қазақстан баспасы 1931жылы.

3. Юшков. С  «Жорықта» Ауд Ә. Үсенов 1930 жылы.

 

Мақаланы  дайындаған

Музейдің ғылыми қызметкері Үсен Арыстанов .

 

 


Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация