«Нәзірдің жарық жұлдызы» деректі фильмі түсірілді

14-11-2017Биыл қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың 125 жылдығына орай ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі «Нәзірдің жарық жұлдыз» атты (40 минуттық) деректі фильм түсірді.  Назарларыңызға фильмнен 10 минуттық үзіндісін ұсынып отырмыз. Толықтай нұсқасын аталған музейден және Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов атындағы музейден көре аласыздар.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр» - деп көрсетілгендей, «ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да кейінгіге үлгі. Үлгіге қарап ұрпақ өседі» - деген ұлағатты сөзін әрқашан ұмытпағанымыз өнеге.

Фильмнің продюссері – Батырғазы Серғазиев, тарихшы, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары  музейінің директоры.

Фильмнің режиссері – Тілеген Ахмет, Алаштанушы.

Фильмнің сценарин жазған – Гүлмира Серікбаева, ҚР Мәдениет қайраткері, ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директорының орынбасары.

Фильмнің консультанты – Гаухарбек Тілеуқұлов – М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, т.ғ.к.


Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация