"31 мамыр қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу" күні

29-05-2020_129 мамыр 2020 жылы Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен "31 МАМЫР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ" күніне орай "Жазықсыз құрбан болған қайран жұртым" атты онлайн дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев, ОҚМПУ-нің оқу ісі жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Исабек Баршагүл Қашқынқызы, Сейдахан Әлібек тарих ғ.д., (саяси қуғын-сүргін құрбаны Үсенов Сейілбектің ұрпағы), Абубакиров Сағынғали ОҚМПУ-нің профессоры, (саяси қуғын-сүргін құрбаны Сандыбаев Әбубәкірдің ұрпағы), Түркістан облысының қоғамдық - саяси архивінің басшысы Шардарбекова Гүлнар, сондай-ақ, Шымкент қаласының "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің меңгерушісі Оралбаева Зәуре қатысты.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге Нұр-Сұлтан қаласынан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, "Алаш" мәдениеті және рухани даму институтының ғылыми қызметкері Кемеңгер Қайырбек және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Жұмағұлов Сағынбай, Алматы қаласынан Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі, "ТІЛ - ҚҰРАЛ" ОӘҒЗО-ның жетекшісі, Әл-фараби атындағы ҚАЗҰУ доценті Имаханбет Райхан Сахыбекқызы бейнебайланыс арқылы қатысты.


Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация